Жаңалықтар

Қоғамға ортақ міндет

Қазақстан   тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасымен коррупциямен күрес жыл санап қарқын ала түсуде. Бұл мақсатта 2015-2025 жылға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы   Стратегия, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Бұл Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағдарланған.

Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмін нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адал қызметіне жағдай жасайды.

«Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ-де жұмысқа орналастырылған қызметкерлер кандидатурасы артық принциптермен және мемлекеттiк қызметкерлердiң қызметтiк-тәртiп этикасымен таныстырылады. Сондай-ақ, қызметкерлер жемқорлыққа қарсы құқықтық мәселесi бойынша ақпараттандырылады.

Басқарма жұмысының ең басты шарттарының бiрi – жемқорлыққа қарсы жұмыс деңгейiн жоғарылату. Ветеринария саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында әр ауылдық округ мамандарымен ветеринариялық анықтамалар беру және жануарларды бірдейлендіру бағытындағы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі – ветеринариялық анықтама беру. Бұл қызмет түрін аудан, қала әкімдіктерімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын дәрігерлері көрсетеді. Ветеринариялық анықтамаларды беру үшін малды сояр алдында және сойғаннан кейін міндетті түрде тексеріс жүргізілуі қажет. Алайда, аталмыш қызмет түрін алуға, көп жағдайда мал иесі жануарларды сою үшін өзіне ыңғайлы уақытты, яғни, стандартта көрсетілген уақыттардан тыс мерзімді (кешке, түнде немесе демалыс, мейрам күндері) таңдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30- ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі уақыт. Сол себепті, ветеринариялық анықтама алу үшін белгіленген уақытта жүгіну қажет.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенді күрес жүргізуіміз қажет.

Қ.ТҰРСЫНБЕКОВ,

облыстың ветеринария басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button