Руханият

Аққораның ақтабан атының арқасы

Ай туғандай, күн шығатындай, «Орталық Қазақстан» аптасына үш рет үздіксіз шығады. Кейінгі күндер ауырлау болды. Қаза көбейіп кетті…

Қарқаралының айтулы азаматы аяқ астынан келместің кемесіне мініп, кете барыпты. Қазанама береміз. Жауапты хатшы болған соң бұл шаруа менің мойнымда. Қазанаманың соңы – тізім. Редакторымды іздедім. Жоқ. Қолымда – түпнұсқа. Қолмен жазылған.

Мағаш аға, мына тізімде сіз жоқсыз, – деп жүрексіне сауал тастадым. Шұқшиып газет қарап, үндемеді. Тақымдап қоймадым. Бір жағы – журналистік аңсарым, бір жағы – намыс.

Аққораның қос ақтабан аты шопандар тойында бірінен кейін бірі қара үзіп келгенде әкемнің қайын жұрты – менің нағашыларым өздері киіз үйде тойлапты. Ат баптағандардың бірі – әкем сыртта қалыпты. Содан біреу: «Слеке, неге отырсыз?», – деп сұраса керек. Әкем: «Е, ақтабан аттың арқасында киіз үйдің көлеңкесінде отырмын ғой», – депті. Мен «Орталықтың» арқасында сол киіз үйді жай айналып жүрмін. Жалпы, мені елім 50, 60, 70, 80 жылдық мерейтойларында немесе осындай қазанамалар берерде іздейді. Жалпы менің паспортымда «Қарқаралыда туған» деп жазылғанымен, Ұлытаудың азаматымын, – деп газетті әрі қарай оқи берді.

Бәрін ұқтым…

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button