АймақБұқар жырау

Облыс әкімі Бұқар жырау ауданында болды

Бүгін облыс әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданында болып, бірқатар шаруашылық нысандарын аралап, халықпен кездесті.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Ермағанбет Қабдулаұлы әуелі Үштөбе аулындағы “DG cүт” ауылшаруашылығы өндірістік кооперативіне барып, оның жұмысымен танысты. Ашылғанына бір жыл ғана болған бұл кәсіпорын тәулігіне 1,5 тонна сүт өнімдерін өңдеп, сары май, ірімшік, қаймақ шығарып, бұл жұмыспен 5 адам айналысады екен. Енді кооператив директоры Күләш Серікованың айтуынша, “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен 31,5 миллион теңгенің несиесін алып, өнім түрлері (йогурт, айран, балалар тағамы) мен көлемін кеңейткелі отыр.

Облыс әкімінің келесі барған нысаны Қушоқы кентінің қазандығы еді. Біраздан бері салынып жатқан мұнда қазірде оның қаңқасы монтаждалып, әрқайсы 4 МВг болатын 5 қазандық орнатылыпты. Мердігерлер оны биылғы 1 тамызға дейін пайдаланылуға беріп, қазандықтың алдағы қысқы жылыту маусымына толық дайын болатына сендірді.

Одан әрі облыс әкімі 289800 килограмм тауық етін өндіретін “Ақнар ҚФ” ЖШС өндірісін аралап көріп, Ақбел аулында Өрт сөндіру ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Мұндағы 1 өрт сөндіру көлігі және 6 адам осы ауылдың ғана емес, дабыл түссе, ауданның басқа да елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Жаңа ғимаратта асхана, жуынатын, тынығатын бөлмелер мен көлік боксы бар.

Бұдан кейін Ермағанбет Қабдулаұлы аудандық Мәдениет үйінде өңір тұрғындарымен жүздесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button