Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Бақытты балалықтың аймағы» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясы Саран қаласында да өткізілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің бастамасымен қолға алынған іс-шара осымен жетінші жыл қатарынан ұл-қыздарға қуаныш сыйлап отыр.

Тамыз айының соңында №1 жалпы білім беретін орта мектепте қала әкімінің орынбасары Е.Оспановтың қатысуымен «Мектепке жол» қалалық акциясы өткізілді. Оқушылар мен олардың ата-аналары алдында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мамирова, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Карат» ЖШС директоры А.Байко сөз алды. Саран қалалық мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, жеке кәсіпкерлер де акцияға қатысып, көмекке мұқтаж оқушыларға қамқорлық танытты.

Осы күні отызға жуық аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары және жетім балалар оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарға ие болды.

«Преображение» балалар үйінің әлеуметтік педагогы А.Еретнева ата-аналардың қала кәсіпкерлері – Г.Балкина және А.Масловқа арналған алғыс хаттарын оқып берді.

Татьяна ИОНУС.

Суретті түсірген К.АМАНОВА.

САРАН қаласы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.