Жаңалықтар

Жездідегі жаңа нысан

Өткен аптада Ұлытау ауданындағы №48 өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа нысандағы рәсімге ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ қатысты.

Аталмыш бекеттің құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталған. Жаңа ғимарат азаматтық қорғаныс нысанының аумағында орналасқан.

«Нысанның жаңартылуы №48 өрт сөндіру бекеті жеке құрамының жұмысын талапқа сай жүзеге асыруға зор мүмкіндік туғызады», – дейді Ұлытау ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Талғат Елубаев.

Иә, нысанның жаңартылуы, материалдық-техникалық базасының нығайтылуы өрт сөндіру қызметі мамандарының жұмысына тың серпін берері сөзсіз.

Жезді кентінің басшылығымен қатар, Мәдени-сауық орталығының қызметкерлері, кенттегі өзге де мекеме басшылары, жергілікті халық қатысқан шарада құттықтаулар айтылып, әуенді-сазды бағдарламаға кезек берілді.

Салтанатты рәсімге облыс орталығы мен Жезқазған қаласындағы өрт сөндіру мекемелерінің басшылық құрамы да арнайы қатысты. Олардың қатарында ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Қарағанды қаласы) бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Самат Жақыпбеков, ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Қарағанды қаласы) №2 жасақ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бектемір Құдайбергенов және ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ләззат Төлеуғалиева бар. Сондай-ақ, №48 өрт сөндіру бекетінің Ерлан Қожахметов, Ишанқұл Қоңыршинов, Ербол Есетов сияқты ардагерлері де жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысып, қызметте жүрген қырағы жігіттерге сәттілік тіледі.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button