Коронавирус

13 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина алды

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасуда. 10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 медицина қызметкері екпе алды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1-ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында Ресейде шығарылған «Гам-Ковид-ВАК» («Спутник V») вакцинасы салынуда. Вакциналау барлық өңірде жүргізілуде. 778 егу пункті ашылды, олардың 166-сы қазір іске қосылды, барлығы тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды.

Бүгінгі күні 13 301 адам егілді. Вакцинацияны бірінші болып инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сондай-ақ КВИ-мен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері алады. Одан әрі егуге жататын топқа вакцина көлемінің ұлғаюына қарай вакцинацияланатын контингентті одан әрі кеңейте отырып, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері қосылатын болады, – деді А.Цой.

Вакцинадан кейінгі қорғаныш әсері бірінші дозадан соң 12-14 күннен кейін байқалады.  Бірақ толық иммунитет қалыптасу үшін екі доза қажет, екпені араға 21 күн салып қайталау ұсынылады. Толық курстан кейін 1,5 ай ішінде организмде иммундық реакция пайда болады, осыған байланысты егілген адамдар профилактика шараларын сақтауы қажет.

Басқа материалдар

Back to top button