Ауданішілік жолдардың жай-күйі, сапалы ауыз сумен және интернетпен қамтамасыз ету – осы және басқа да мәселелерді Шет ауданының тұрғындары Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен және басқарма басшыларымен кездесуде көтерді.
Жылжымалы қабылдау Ақжал кентінің мәдениет үйінде өтті.
– Мен ауыл тұрғындарының атынан облыс әкіміне жүгіндім. Соңғы жылдары біздің аудандағы ауылдарға көп көңіл бөлінді. Мысалы, бізде өртке қарсы бекет салынды, жолдар асфальтталды, фельдшерлік пункт салынды, келесі жылы су құбырын өткіземіз деп уәде етілді, – дейді Босаға ауылының тұрғыны Жомарт Тағылбек. – Бірақ біздің проблемамыз – ұзындығы шамамен 160 км құрайтын Мойынтадан Ағадырға дейінгі жолдың жағдайы. Өңір басшысы мұндай учаскені бірден күрделі жөндеу мүмкін болмайтынын түсіндірді. Қарамағындағыларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылауды тапсырды.
Қарабұлақ ауылының тұрғындары елді мекенді Ақжал ауылымен байланыстыратын 18 шақырым тасжолды асфальттауды сұрады.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары жазғы кезеңде сумен жабдықтаудың үзілуіне шағымданды.
– Бізде суға қатысты мәселе бар: суымыз кермек, ащы. Біз алты шақырым жерде орналасқан ескі ұңғыманы қайта жаңғыртуды ұсынамыз. Егер оны қалпына келтірсе, мәселе шешіледі. Өңір басшысы бізді тыңдап, көмек көрсетудің барлық жолдарын қарастыруға уәде берді, – деді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Жұмағали Тәженов.
Сондай-ақ, кездесуде Ақжал кентінің тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Қамбарұлы ауылдық елді мекендерде ветеринарлардың тапшылығы проблемасын және осы қызметтің автопаркін жаңарту қажеттігін айтты.
Өңір басшысы барлық сұрақтар мен ұсыныстарды жазып алды, олардың әрқайсысы бойынша нақты шешім қабылданады.
Ақжал тұрғынлары үшін жастар бокс, дзюдо, самбо және казак күресімен айналыса алатын спорт кешенінің ашылуы нағыз қуанышты сәт болды.
Ғимаратты спортшыларға “Nova цинк” компаниясы сыйға тартты.
Кәсіпорын сонымен қатар спорт залдарын жабдықтады.
– 2004 жылы “Nova цинк” компаниясы Ақжалда алғашқы спорт кешенін салды, онда балалар спорттың 11 түрімен айналысады, бассейн де бар. Бізге тағы бір спорт кешені берілді, онда екі үлкен зал, қажетті құрал-жабдықтар, киім ауыстыратын бөлмелер, душ, барлық қажеттіліктер қарастырылған. 70 бала айналысады, – дейді дзюдодан және самбодан әлем чемпионы, еңбек сіңірген жаттықтырушы Болат Манабаев.
Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев Ақжалдағы 16 көпқабатты үйді, 13 жеке үй мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ететін “Nova цинк” кәсіпорнының жергілікті қазандығына барды.
Қазандықта адами факторды болдырмайтын және ауа-райына байланысты тұрғындардың үйлеріне жылу беруді дербес реттейтін автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген.
Болашақта компания жылу көзінің қуатын арттыруды жоспарлап отыр.
Ақжалда кәсіпорын қаржыландыратын тағы бір ірі жоба – кәріз-тазарту құрылыстарын қайта құру. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы керек.
Кәсіпорын кәріз ағындарын тазарту жүйесін автоматтандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ниетті.
Бұдан басқа, “Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері” ұлттық жобасы аясында кентте кезекте тұрғандар қатарынан төрт көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Олар үшін екі жаңа үйде пәтер сатып
облыс әкімдігінің баспасөз қызметі