Жаңалықтар

Жас таланттар жарқылы

Қарағанды қаласында «Жас толқын» ІІ республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауы өтті. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын арқау еткен байқауды ұйымдастырушылар ел арасындағы жас таланттарды үлкен сахнаға шығаруды мақсат тұтыпты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық кодты қалыптастыру және өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше назар аудару керектігін айтты. Бұған қалай қол жеткіземіз? Ең әуелі, жастардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет отын жағу қажет. Бүгінгі мектеп оқушылары – ертең ел басқаратын азаматтар. Олар бала жастан туған халқының тарихын, әдебиетін, музыкасы мен дәстүрін бойына сіңіріп өссе – ұлт болашағы да жарқын бола түседі.

«Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер байқауы биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Байқауды өткізуге Қарағанды жері бекер таңдалмаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Арқадағы өнер мектебінің шәкірттері республикалық және халықаралық сайыстарда бақ сынап, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Байқауды «Жас толқын» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Екі күнге созылған шараға «Майра» продюссерлік орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Майра Ілиясова қатысып, өнерпаз балалардың жетекшілеріне шеберлік сыныптарын өткізді.

Қатысушы өнерпаздар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінді. Байқаудың ең жас қатысушысы 5 жаста болса, ең үлкені – 13 жаста.

Республика көлемінде өткен шараға 12 облыстан жиыны 106 жас өнерпаз қатысты. Қазылар алқасының төрағасы – Майра Ілиясова, ал мүшелігінде Бекболат Арыстанбеков, Әсем Смағұлова, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры Мейірхан Адамбеков, Жанхаш Жұмабеков және «Жас толқын» байқауын ұйымдастырушы Сәулеш Тілеубекқызы болды.

 «Аспапта ойнау» аталмы бойынша – Шыңғыс Тельман мен домбырада төгілдіре күй шерткен Жантілек Жұмагелдиев, «Көркем сөз» аталымы бойыша – Інжу Мейрам, «Ән» аталымында – Карина Тоғызбаева және «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша – Асылхан Серік, «Би» аталымында – «Арман» би тобы жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені иеленді.

Жеңіс тұғырынан көрінген жас өнерпаздар «Жұлдыз болғым келеді» телевизиялық байқауына жолдама алды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button