Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет келбеті

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында рухани жаңғырудың маңызы жөнінде: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті. Мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеу де ұлттық сананың жаңғыруынан бастау алады. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбеті – еліміздің даму деңгейіне де әсер ететін фактор.

Жалпы «этика» термині ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді. Кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. Этика – ғылымның маңызды саласы, әдеп – қоғамдық алғышарттардың бастауы, адамгершілік – адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтану деңгейі. Осы аталған қасиеттердің барлығы мемлекеттік қызметшінің тек жақсы қызметкер ғана емес, адам болып қалыптасуына да үлкен әсерін тигізеді.

Этика ғылым саласы ретінде танылғаннан бастап қазіргі таңға дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын айқындау – қоғамның мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін жоғарылатуға, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және қызметтік этика бұзушылықтарының алдын алуға септігін тигізеді.

Қазіргі таңда әдеп жөніндегі уәкілдің алдында мемлекеттік қызмет сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы заңнама мен Әдеп кодексін сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы ұжымда моральдықәдептілік мәдениетті қалыптастыру міндеті тұр.

Мемлекеттік қызметкерге жалпы қабылданған әдепті сақтау өте маңызды. Себебі, ол тікелей адаммен жұмыс жасайды және әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады. Сондықтан, мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл-әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей болуы керек. Осы аталғандардың барлығын сақтау үшін этикеттің принциптерін ұстану қажет

Еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар-ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан. «Біздің міндет – халыққа қызмет», – деп Елбасы белгілеп берген ұран аясында елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстануымыз қажет.

Б.ҚАНАТОВА,

ҚР ҰЭМ ТМРБжТҚҚ комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button