Жаңалықтар

“Жас сұңқар” – жастарға жігер береді

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қабырғасында «Жас сұңқар» әскери-спорттық клубының дәстүрлі есеп беру жиыны өтті. Салтанатты шара барысында І курс студенттері клуб қатарына қабылданып, ант берді.

«Жас сұңқар» әскери-спорттық клубы 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің шешімімен ашылған. Алға қойған басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық сезімді насихаттау және терроризм мен экстремизмге қарсы алғышарттарды үйрету.

Клубтың салтанатты жиынына дене шынықтыру және спорт факультеті деканның орынбасары, PHD докторы Қуанышбек Аданов, университет кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанна Уәлиева, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Қарағанды облысы бойынша Ардагерлер ұйымының төрағасы, полковник Амангелді Жантасов, Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің одағы «Ардагер» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Ғалым Жақыпов сынды құрметті қонақтар қатысты. Жиынға қатысушылар Отан алдындағы әскери борышын өтеу барысында бастарынан өткен оқиғаларды әңгімеге арқау етіп, патриоттық тәрбие тұрғысындағы ойларымен бөлісті. «Бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс» кафедрасының қарауыл жасағы ортаға шығып, патриоттық әндер шырқады.

Елбасы әрбір Жолдауында жастар мәселесіне көп мән береді һәм көңіл бөледі. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақыл сөзі әр қазақ баласының бесікте жатқаннан тәлім мен тәрбиені сіңіру керектігін айтып тұрғандай. Әр ата-ана өз перзентінің бойына Отанға деген құрмет пен адамгершілік қасиеттерін сіңіреді. Тәуелсіз қазақ елінің болашағы бүгінгі жас өрен, ертеңгі біртуар азаматтардың қолында. Аға буын өкілдері ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған бабалар ерлігін жас ұрпаққа жеткізе білсе, еліміздің болашаққа қадамы зор, жолы ашық болмақ.

Фатима НУРЕНОВА

ҚарМУ-дың І курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button