Жаңалықтар

Келешек кілті – білімде

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жастарға жігер сыйлады. Атап айтқанда, «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. «Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» – деп ерекше атап өтті.

Ел болашағы – жастардың қолында. Яғни, ұлттың ертеңі болатын жастарға қолдау таныту – Жолдаудың іске асуы. Жастарды елге адал қызмет етуге, Отанды сүюге, жерді сүюге баулу – ел үшін жасалған ең үлкен қадам. Атап айтсақ, білім беру барысы на көңіл бөлген дұрыс деп санаймын. Жұмыспен қамту жағынан да жастарға баса назар аударылмақ.

Тағы айта кететіні, Елбасы барлық мемлекеттік мектептерге Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту бағдарламасын енгізуді тапсырды. Осы арқылы өскелең ұрпақтың білім деңгейі кеңейе түседі. Білім мен ғылым – егіз ұғым. Президент ғылымды дамыту тетіктерін айқындауды да басты міндет етіп қойды

Әсел Қожамұрат.

 Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің педагог-психологы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button