Руханият

Зиялы қауым. Ол кім?

XXI ғасырдың ең негізгі туындысы, жаһанданудың адамзат баласына берген бірден-бір үздік өнімі – жылдам ақпарат алмасу процесі. Осы процесс екпінінің күші сондай, кейбір адамдар қазіргі кезең үшін газет-журналдың, оларды оқырмандарына жеткізуші пошта қызметінің, тіпті баспаханалардың ертеңгі күні керек боларына күмәнмен қарай бастағандай. Кино өнерін білмеймін, ал театр мен оның тікелей рухани тамыры драматургияның онсыз да қазіргі ауыр жағдайы одан ары құрдымға кететін шығар (Дулат Исабеков, Өнегелі өмір, 109-114 беттер). Шынында да, егер керекті мағлұматты интернеттен әп-сәтте алып отыратын болсақ, онда қымбат уақытымызды басқа өнімсіз істерге бөлуіміздің де қажеті қанша?! Осы орайда, арғы бастауы петроглифтерден алып, Шумер мәдениетіндегі қыш тақталарға, Египеттегі папирустарға, түркі бабаларымыздың тастарға қашап, кейін қағазға араб қарпімен түсірген рухани құндылықтары түрінде бізге жеткен адамзаттың ең ұлы жетістігі – кітаптың тағдыры болашақта газет пен журналдан да мүшкілденетін тәрізді.

Біздің ұрпақ кешегі ХVІІІ ғасырдағы ұлы француз ойшылы Дени Дидро айтқан: «Адам кітап оқуды тоқтатқан күні, ойлауды да тоқтатады» деген толғамға тоқтай отырып, «Кітап – білім бұлағы» екенін толық мойындап өттік және өзімізді осының арқасында ғана адам болдық деп есептейміз.
Әлемдік әдебиеттің асыл мұрасы Лев Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігінің» бүкіл мазмұнын бүгінгі тестілеудің қыр-сырын әбден меңгеріп алған жас жеткіншектер бір-ақ беттік ақпарат парақшасы арқылы біліп алатынын естігенде жаның түршігеді. Шығарманың жаны мен мәніне емес, мазмұнына қанығады. Тіпті осы шығармамен олардың ата-анасы да қай әдіспен танысқанын біз бүгіндері айта алмас едік.

Материалдың толық нұсқасын газеттің 02.02.2023 №13 (23 189) санынан оқи аласыздар.

Бораш ТӨЛЕУОВ,
ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі,
химия ғылымының докторы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button