Жаңалықтар

Әзірлік пысықталды

   Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлерінде өткен жылдың көктемінде шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен жасақталған роталық тактикалық топтардың дайындығы өтті.

Шара барысында бөлімшелердің белсенді іс-қимылдарға және берілген тапсырмаларды орындауға әзірлігін, жеке құрамның роталық тактикалық топтар құрамында іс-қимылдарды пысықтады. Роталық тактикалық топтардың құрамы жауынгерлік тапсырмаларға байланысты іс-қимылдар жасады. Бұл күні роталық тактикалық топтарды даярлау бойынша практикалық сабақтар барысында роталық тіреуіш пунктін инженерлік жабдықтау, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерін ұйымдастыру жақтарын сынақтан өткізді. Сондай-ақ, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жағына жете назар аударылды.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button