Жыр бәйгесі — Жанатта

«Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен алғаш рет жарияланған «Ұлы Дала» республикалық шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. 18 бен 40 жас аралығындағы ақын-жазушылар арасында өткен байқаудың поэзия аталымы бойынша І орынды жерлесіміз, ақын, аймақтық «Арқа ақшамы» газетінің бас редакторы Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ жеңіп алды.

Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе ұйымдастырған әдеби байқау 18 бен 40 жас аралығындағы қаламгерлер арасында бес бірдей аталым бойынша өтті. Соның бірі – «Поэзия» аталымының І орыны біздің жерлесіміз, осы газеттен түлеген жас ақын Жанат Жаңқашұлына бұйырғаны – Арқа жұртының абыройы. Қарқаралы топырағының тумасы Жанат – бүгінде ел көлеміне танылып қалған талантты ақындардың бірі. «Тәңір таңбасы» кітабының авторы. Жерлесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
Өз тілшімізден.