Жаңалықтар

Жылу желісіндегі апат

    Бейсенбі күні Қарағандының 19 ықшамауданындағы жылу магистралінде апат болып, салдарынан бірнеше көпқабатты үй, қырыққа жуық жеке тұрғын үй және алты әкімшілік ғимарат жылусыз қалды. 

«Қарағанды Жылу Транзит» ЖШС баспасөз қызме­тінің хабарлауынша, 19 ықшамаудандағы жылу құбыры жарылған.

«Апаттық-қалпына келтіру бригадалары шұғыл 188 тұрғын үйді, жеке сектордың 21 үйін, заңды тұлғалардың 39 нысанын М4 жылу магистралына жалғап, гидравликалық және температура режимдерін қалпына келтірді. Винницкая көшесіндегі №25 үй және Моховая көшесіндегі №6/1 үй, жеке сектордың 36 үйі және заңды тұлғалардың алты нысаны жылумен қамтудың төменгі режиміне өткізілді», – дейді кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары су бас­қан көшелерде еркін жүре алмай қалды. Ыстық судан көтерілген қалың бу көлік жүр­гізушілерін қозғалтпай тас­­тады. Қарағандының Октябрь ауданына жол-көлік апаттарының алдын алу үшін жол-патруль полициясы қызметкерлері тартылды. Коммуналдық апат салдарын жоюға 25 адам күші және 10 арнайы техника жұмылдырылған.

Өз тілшімізден.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button