Журналист-академик

    Есілдің бойынан тағы бір сүйіншілі хабар жетті. Жерлесіміз, қарымды қаламгер Сәулебек ЖӘМКЕНОВ Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі атанды.

Сәулебек Жәмкенұлы – елінің ертеңі үшін қалам тербеген көшелі ағаларымыздың бірі. «Қазақстан коммунисі» журналында еңбек жолын бастап, қазақ журналистикасының, ел баспасөзінің дамып-өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Аудармашылық қырын да жақсы білеміз.

Қазақ журналистикасының еңбек сіңірген қайраткері ҚР Жоғарғы Кеңесі Президиумының аппаратында жауапты қызметте болды. Еліміздегі алғашқы шетелдік басылым – «Заман-Қазақстанның» оңтүстік облыстары бойынша тілшілер қосынын басқарды, «ҚазАқпарат» агенттігінің Ақордадағы тілшілік қосынын құрды. «Би-би-си» радиосының Астанадағы тілшісі болды.

Сондай-ақ, Сәулебек Жәмкенұлы ҚР Жоғарғы соты төрағасының баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Кейін ҚР Бас прокурорының баспасөз қызметін басқарды.

Сәулебек ағаны журналист-полковник деп білетінбіз. Енді, журналис-академик те – өзі.

Марапат құтты болсын, Аға!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.