Жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ

2018 жылдың 5 қазанында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Аталмыш Жолдауды талқылау және түсіндіру мақсатында республикамыздың әр өңірінде ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізіліп, дөңгелек үстелдер мен алқалы жиындар өткізілуде.

Президент Жолдауында Қазақстан халқының және билігінің алдындағы шешілуге тиісті мақсат-міндеттер, жоспарлар мен шаралар қарастырылған. Олар қоғамның өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы міндетті. Ғылыми негізделген, осындай нақты міндеттерді шешу жоспарлары бар мемлекеттер ғана ойдағыдай дамуға қол жеткізетіні анық. Оны әлемдік тәжірибе үнемі дәлелдеп келеді. Бүгінгі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың көрегендігі арқасында аз уақытта толағай табыстарға жетіп келеміз.

Жолдау жалпы саны бірнеше бөлімдерден тұрды: біріншіден «Халық табысының өсуі»; екінші «Тұрмыс сапасын арттыру»; үшінші «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру»; төртінші «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат»; бесінші «Тиімді сыртқы саясат»; алтыншы «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы».

Жоғарыдағы барлық бағыттар мемлекет дамуының негізі болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты» деп атап айтқан болатын. Расмен де дамыған мемлекеттермен тереземіз тең болуы үшін бірінші кезекте қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі екені анық.

Жалпы биылғы маңызды құжат – Жолдау ел дамуына елеулі үлес қосады деп сенеміз.

Қазақстан Республикасы ІІМ

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды

академиясының аға оқытушысы

з.ғ.м., полиция майоры

А.М. Дүйсембеков

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button