Жаңалықтар

Жолдағы бақылау күшейді

Кеше облысымызда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталды.

Яғни, Жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция және жол-патруль полициясының саптық бөлімшелерінің қызметкерлері бақылаудың үдетілген режимінде жұмыс жүргізуде.

Ресми дерекке сүйенсек, ерекше назар қоғамдық көлік иелеріне, әсіресе, такси жүргізушілеріне бөлінбек.

Мұндай шара өткен ақпан айында да өткізілген болатын. Сол шара өткізілген 3 күнде тәртіп сақшылары 1850 жол ережелерін бұзу фактілерін тіркеген.

Полицейлер автосүйер қауымды заңға бағынышты болуға, жолда ереже сақтауға және өзара сыпайылық танытуға шақырады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button