Қарағанды

Жол сапасы – бақылауда

   Облыс орталығындағы көлік жолдарын жөндеу жұмыстары облыс әкімінің бірінші орынбасарының үнемі бақылауында. Аталған мәселеге орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ кеше бірқатар нысандарға ат басын бұрды.

Бұл сапарында орынбасар Оңтүстік-Шығыстағы көшелерге назар аударды. Бірінші кезекте Қу-Луговая көшелері Республика даңғылынан бастап, Волочаевская көшесіне дейінгі учаскелерде жүргізіліп отырған орташа жөндеу жұмысының жай-жапсарына үңілді.

Мердігер ұйым – «Жол жөндеу жөніндегі РҚБ» ЖШС мұнда екі қабатты асфальттыбетонды жабын салып, борттық бетондық тастарды орнатуда. Жөндеудің жалпы аумағы 23 мың шаршы метр. Сонымен қатар, ҚР ҚНжЖ және геометриялық параметрлер нормаларына сәйкес шеңберлік айналым жүргізу жоспарлануда. Жұмыстарды 15 қазанға дейін тәмамдау межеде.

Бұдан кейін Асылбек Дүйсебаев Республика даңғылынан Тәттімбет көшесіне дейінгі көлік жолының 137 есептік кварталындағы орташа жөндеу жұмыстарын барып көрді. Мердігері – «СапаЖолСтрой» ЖШС. Мердігер ұйымның басшысы жұмысты мерзімінде аяқтап, асфальтбетон төсеуде барлық талаптардың жіті сақталатынына сендірді.

Сапар барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары қала және мердігер ұйым басшыларына тапсырмалар берді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button