Жаңалықтар

Жол апаты тағы бір адамның өмірін жалмады

«Қарағанды-Астана» тас жолында ірі жол апаты орын алып, салдарынан бір адам қаза тапты.

Сурет пен видео dorogi_karagandy

Жол апаты кеше «Қарағанды-Астана» тас жолының бойындағы Батпақты ауылының тұсында орын алған. Екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан біреуінің жүргізушісі мерт болды.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталуда. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды, – деді облыстық полиция департаментінің мамандары.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button