Жиын өзегі – мектеп асханалары
Жезқазғанда осыдан бір ай бұрын бастау алып, республика көлемінде іске асырылып жатқан «Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханалары» жобасы аясында жасалған мониторингті қорытындылау жиыны өтті.
Аталған шараға «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Қайрат Бегімов, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков, ведомствоаралық комиссия мүшелері, мектеп басшыларымен қатар, асханаларды жалға алушы жеке кәсіпкерлер, мектеп медбикелері қатысты. Жиында жұмыстың нақты жүзеге асуына қатысты тапсырма берілді. Сонымен қатар, мектеп асханаларының жұмысын жетілдіру және жабдықтарын жақсарту жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Алдағы уақытта мониторинг өз жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, қалада барлық мектептер бойынша 1769, оның ішінде, жеке кәсіпкер есебінен 409 оқушы тегін тамақтанады.