Жаңалықтар

Жетістіктер мен жеңістер жылы

2016 жыл – Олимпиада үміттері мен жетістіктерінің жылы болды. Өткен жыл Олимпиада жолдамалары мен медальдары үшін күрескен жыл ретінде есте қалды. Қарағандылық спорт екі жағдайда да сырт қалған жоқ. Спортшыларымыз бірнеше жолдама мен Олимпиада медалін жеңіп алды. Ойындар бізде мықты жастар мен жоғары білікті жаттықтырушылар құрамының өсіп келе жатқанын көрсетті.

Облыста 43 спорт мекемесі қызмет етеді. Оның ішінде, 17 мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар және жасөспірімдер мектебі, 7 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 5 облыс қалаларының БЖСМ, 11 аудандардың БЖСМ, спортта дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мектеп интернаты, олимпиадалық резервті дайындау орталығы, жоғары спорт шеберлігі мектебі бар.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс қалаларының 5 БЖСМ және аудандардың 11 спорт мектебі ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың бағынысына берілді.

Облыстың спорт мектептерінде 28854 спортшы спортпен шұғылданады (2014 ж. – 28204, 2015 ж. – 28376). Осы жылы оқушылар санының өсуі резервтік топтарды жинақтауға байланысты. Олармен – 1006 жаттықтырушы жұмыс жасайды, оның ішінде, 691 штатта (2014 ж. – 983, штатта – 675, 2015 ж. – 994, штатта 690).

Жоғары санатты штаттағы жаттықтырушылар саны – 178, І санатты – 92, ІІ санатты – 220, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылар саны – 53. Жаттықтырушылар құрамының сапасын арттыру, жоғары санатты жаттықтырушылар санының өсуі жалғасуда.

Дене шынықтыру және спорт саласын кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету үшін жаттықтырушылар құрамының шеберлігін күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Осы жылы дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және сараптама орталығында, спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық федерацияларда 143 маман біліктіліктерін арттырды. Олимпиада резервін дайындау орталығы жыл сайын Спорт және туризм академиясының мамандарын шақыртып, жаттықтырушылар мен әдіскерлерге біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырып отырады. Осы жылы курстар 18-21 мамыр аралығында өтті.

Спортта жоғары жетістікке жету көпжылдық жүйелі жұмысты талап етеді, ол жоғары спорт жетістігінің негізі болып табылады.

Облыста 96 спорт түрі дәріптеледі, оның ішінде 41 – олимпиадалық, 55 – олимпиадалық емес спорт түрлері. Қаржылай көмек 66 түріне көрсетіледі, 30 спорт түрі демеушілер есебінен федерациялар деңгейінде дамытылып жатыр.

Қазақстан Ұлттық құрамасына 87 спорт түрлері бойынша облыстың 1168 спортшысы кіреді. Ол былтырғы жылға қарағанда 8% артық.

Облыстың 41598 спортшысы әртүрлі деңгейдегі 749 жарыстарға қатысты. Облыс территориясында 65 халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізілді. Облыс спортшылары 9226 әртүрлі деңгейдегі медальдарды жеңіп алды (І орын – 3043, ІІ орын – 2728, ІІІ орын – 3 455). Ол 2015 жылмен салыстырғанда 311 медальға артық (2014 ж. – 7227, 2015 ж. – 8915).

2016 жылдың негізгі бастамасы Рио-де-Жанейродағы ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындары болып табылады. Оған облыстан 6 спорт түрінен 11 спортшы қатысты. Эльмира Сыздықова қола жүлдені жеңіп алды.

Сондай-ақ, облыс спортшыларының 2016 жылы көрсеткен басқа да жетістіктерін атап өтуге болады. Әлем чемпионаттары, Кубоктар және біріншіліктерінде әр түрлі дәрежедегі 35 медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында – 123 медаль.

Облыс бюджетінен 3 кәсіби клуб қаржыландырылады, онда 5 команда өнер көрсетеді. «Сарыарқа» хоккей клубы 2015/2016 жылдар маусымында ЖХЛ – Бүкілресейлік Чемпионатта жартылай финалға жетіп, Альметьевсктің «Нефтянигінен» жеңілді.

2016 жылдың маусымында «Шахтер» футбол клубы Қазақстан Чемпионатында өнер көрсетіп, Премьер-Лига командаларының арасында 9-орынға ие болды.

Есептік уақытта облыста: Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 21 адам, ҚР спорт шеберлері – 168 адам тіркелді. ҚР спорт шеберлігіне үміткерлер – 719 адам, «ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» – 8 адам, «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» – 1 адам (Эльмира Сыздықова) атанды. Қазіргі уақытта облыста 54 аккредиттелген спорт түрлері бойынша жергілікті спорт федерациялары қызмет жасайды.

Бүгінгі күнге 2841 спорттық объектісі қызмет атқарады. Оның 1094-і ауылдық жерлерге келеді. Үш жылдық өсім 75-ті құрады.

Аурулар мен теріс әлеуметтік құбылыстар профилактикасының құралы ретінде бұқаралық спортты дамытуға, спортты жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыдан дамытуда пайдалануға баса назар аударылады. Аталған міндеттерді шешу үшін облыста 3 мыңнан аса спорт ұйымдары мен дене шынықтыру ұжымдары жұмыс жасайды. Олардың қызметтерімен облыс тұрғындарының жалпы санынан 400 мыңнан астам немесе 29,5% адам қамтылған (тұрғындар саны 1384889).

Сондай-ақ, облыста 12190 мың адаммен қамтылған 112 аула клубтары, мектептерде 79416 мың оқушылармен қамтылған 2321 спорт секциялары, 55374 адаммен қамтылған 118 дене шынықтыру-сауықтыру клубтары, 1500 баламен қамтылған 50 әскери-спорттық клубтар, 3895 адаммен қамтылған 18 дене тәрбиесі балалар-жасөспірімдер клубтары, ЖОО-да 15 спорт клубы, 8 мыңнан астам адаммен қамтылған 112 секция жұмыс істейді.

Бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындарды қамтуды арттыру бойынша барлық жастар санаттары мен тұрғындардың әлеуметтік топтарына есептелген өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралары санын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

2016 жыл ішінде облыс бойынша 7652 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді, көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 1563 шараға артық. Онда 397172 адам қатысты (2015 ж. – 348813 адамның қамтылуымен 6089 шара).

Сонымен қоса 29 мың адамның қамтылуымен 5 облыстық спартакиада өтті. 2016 жылдың 1 наурызынан бастап 4 желтоқсан айының аралығында облыс бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алғыс Эстафетасы» кең ауқымды акциясы өтті. Акцияға Алғыс кітабын беру рәсімі, флеш-моб, эстафета, марафон, спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу кірді. Жобаның ең белсенді қатысушылары Балқаш, Сәтбаев қалалары және Осакаров ауданы болды.

Жазғы уақытта «Риода жеңіске жет!» ұранымен «Қазына аралы» жаңа жобасы жүзеге асырылды. Аталған жоба әр түрлі жастағы балаларға бос уақыттарын бос өткізбей, сонымен қатар спорт мектептерінде шынайы корттар, манеждер, мұз айдыны, жүзу хауызында спорт түрлерімен танысып, жаттықтырушылар мен психологтардан кеңес алып спорт түрін таңдауға мүмкіндік береді.

«Чемпиондармен жаз» жобасы да өз жұмысын жалғастырды, онда атақты спортшылар облыстың қала және аудан алаңдарында балалар спорт мектептерінің жаттықтырушыларымен бірге өз спорт түрлерінің қыр-сырына үйретіп, мастер-класс жүргізді. Жобаға 7 мыңнан астам адам қатысты.

Облыста ұлттық спорт түрлері табысты дамуда. Спорттың 11 түрі дәріптеледі (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату). 42055 адам аталған спорт түрлерімен шұғылданады. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына 18 спортшы кіреді.

Басқарма жұмысының көрсеткіштері­нің бірі – мүмкіндіктері шектеулі адамдар­ды қамту болып табылады. Облыста спорт­пен жалпы 2575 адам шұғылданады. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 66 адамға артық. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 66 спортшы енген.

Республикалық және халықаралық 32 түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып 131 медаль жеңіп алынды (53 алтын).

Облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға белсенді қатысады. Есептік жылда мүмкіндігі шектеулі 117 спортшы Қазақстан Республикасының 15 Чемпионатына қатысып, 125 медаль жеңіп алды (51 алтын).

11 адам 7 халықаралық додаға қатысып облысымызға 6 медаль әкелді. Жылдың үздік көрсеткіші есту қабілеті бұзылған жүзу бойынша спортшы Виктор Фрундиннің Тынық Мұхит-Азия ойындарында өнері болды. Сондай-ақ, әлем чемпионатында таэквандо бойынша Аян Абдраш, Елена Салмина, Валентина Антоненко 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Аталмыш спортшылар белгілі нормативті орындап, 2017 жылғы Сурдоолимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия жеңіп алды.

Осы жылдың жарқын да, маңызды көрсеткіші тірек-қимыл аппараты бұзылған жүзу бойынша спортшы Наталья Звягинцеваның Рио-де-Жанейро қ. 15 жазғы Параолимпиада ойындарына қатысуы болып табылады. Ойында 179 мемлекеттен 4 350 мүгедек-спортшылар қатысты. Қазақстанның мүддесін 22 ойын түрінің бесеуінен ұлттық құраманың 11 спортшысы қорғады. Наталья 100 метр шалқалап жүзу финалында жетінші орынды иеленді.

2017 жыл кең ауқымды және еліміз үшін маңызды шара – Алматы қаласында өтетін 28-ші Қысқы Универсиададан басталмақ. Бұл студенттік ойындарға қарағандылық спортшылар 11 лицензия жеңіп алды.

Наталья СУХОРУКОВА,

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button