Жаңалықтар

Жетістікке бастайды

Елбасы Жолдауы – жаңа әлем­ге бейімделу мен жетістікке жету жолының бағдаршамы. Ел экономикасына зор табыс әкелетін бастамалар мен рухани жаңғыруымыздың негізгі басымдықтары осы құжатта зерделенген.

«Цифрлық дәуірге» қадам басу, білім беру, денсаулық сақтау және құрылыс, көлік-логистика құ­ры­лымы, ауыл шаруашылығы сияқ­ты салаларды одан әрі дамыту – ел игілігіне бағытталған ша­ралар. Мысалы, Президент тапсырмасын орындау мақсатында, үстіміздегі жылы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы көлемін арттыру үшін 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қарастырылса, мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін қосымша 67 миллиард теңге бөлінеді.

Осындай мәселелерді қам­ты­ған Жолдау – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асырудың заңды жалғасы іспетті. Ресми құжатта тиімді мемлекеттік басқару, қаржы секторын «қайта жаңғырту», жемқорлықпен күрес, заңның үстемдігін қамтамасыз ету міндеттері де жүктелген.

Қорыта айтқанда, биылғы Жол­дау – Төртінші өнеркәсіптік рево­люция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеуіміз қажет деген сауалдың салмақты жауабы.

Елордамыз – Астананың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген Жолдаудың Мәңгілік Еліміз үшін маңызы зор.

Манарбек КӘРІМ,

аудандық мәслихат

депутаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button