Спорт

Жерлестер жеңісі

Арқа акробаттары – әлем чемпиондары. Никита АМОСКИН мен Анастасия ДОЛГАНЮК Бельгияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Аталған жұп ақпан айында осы Бельгияда жалауы желбіреген халықаралық турнирде топ жарған еді. Германия, Ресей, Украина, Белоруссия, Болгария, Аустралия, Әзірбайжан, Польша, Португалия, Франция, Испания, Нидерланды және Ұлыбританиядан келген төрт жүзден астам акробат арасынан суырылып шықты. Міне, қос спортшы ай аралатып тағы бір мәрте жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады.
Спортшылар Қарағандыдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған гимнастика мектебінде тәлім алады. Бапкерлер – Ботакөз Байбақышева, Ирина Загриценко, Ирина Балагутина шәкірттерінің жетістіктеріне дән риза.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button