Спорт

Жерлестер футзалдан күміс медаль иеленді

Футзалдан студенттер арасында өткен ел чемпионатында Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университінің студенттерінен жасақталған команда жүлделі ІІ орын иеленді.

Суреттер: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Аталмыш чемпионатқа әр өңірден 16 команда қатысқан. Жерлестер ақтық кезеңде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің спортшыларына есе жіберді.

Турнир қорытындысы бойынша команда капитаны Айдос Темірғали «Турнирдің үздік жартылай қорғаушысы» дипломымен марапатталды. Ал, бапкер Владислав Черномордовқа арнайы кубок пен «Турнирдің үздік жаттықтырушысы» дипломы табысталды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button