ЖаңалықтарСпорт

Жерлесіміз – жеңіс тұғырында

5-11 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында аралас жекпе-жектен (ММА) жастар арасында IMMAF әлем чемпионаты өтіп, онда 70-ке дейінгі салмақта қарағандылық Дмитрий Жижин күміс жүлдегер атанды.

Сурет: дене шынықтыру және спорт басқармасынан

52 елден 848 спортшы қатысқан чемпионатта Дмитрий Жижин алты жекпе-жек өткізіп, оның бесеуінде айқын басымдыққа ие болған.

– Біз Дмитрийді керемет жеңісімен құттықтаймыз және оның алдағы жеңістеріне сенеміз, – деді Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті Владимир Абросимов.

Аталмыш әлем чемпионатында Қазақстан намысын 26 спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Нұрлан Новрузов пен Бектас Файзолла алтыннан алқа тағынды. Дмитрий Жижин мен Радомир Морозов күміс алды. Мия Горадзе, Шыңғыс Нұрахметов және Елнұр Қияқбай қола жүлдеге лайық деп танылды. 14-15 жас санатында Георгий Завершинский қола жүлдегер атанды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button