Бас тақырып

Жемқорлардың тізімі енгізіледі

Профилактикалық құрал қызметін атқаратын жемқорлардың мемлекеттік тізілімі енгізіледі. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық мін тағумен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру.

Сурет www.culture.ru

Тізімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер болады. Олар оған соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде енгізіледі. Ал ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылығының жойылуы негізінде алынып тасталады.

Тізілімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді және ведомствоның веб-сайтында жалпыға қолжетімді болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button