Спорт

Желаяқтар дүбірі

Қарағандыда өткен Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан ашық республикалық турнирге 150-ден астам спортшы қатысты. Еліміздің түпкір-түпкірінен келген 2009-2010 жылы туған ұлдар мен қыздар шеберлігін байқатты.

Сурет ұйымдастырушылардан

Турнир үш күнге созылды. Дәстүр бойынша бағдарламаға 50, 300, 600, 1000 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, ату және мix эстафетасы кірді.

Қарағанды облыстық мамандандырылған олимпиада резервіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәр­биеленушілері Мақсат Базарбаев биіктік­ке секіруден, ал, Максим Григорьев ұзындыққа секіруден алдына жан сал­мады.

Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылынан келген Дмитрий Спасский 600 және 1000 метрге жүгіруден рекорд орнатты.

Қарағанды қалалық мамандандырылған олимпиада резервіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен Марк Борченко ядро лақтырудан үздік нәтиже көрсетті.

Жарыс жеңімпаздарына сыйлықтар мен турнирде жоғары жетістік көрсеткені үшін ақшалай сыйақыны Қазыбек Нұржановтың туыстары тағайындады.

– Биыл Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысынан, Астана мен Қарағанды облысының спортшылары жиналды. Беларусь пен Қырғызстаннан жеңіл атлеттер қатысуы керек еді, бірақ, олар келе алмай қалды. Көптеген жастар үшін бүгінгі жарыстар – үлкен турнирлерге қатысудың бастапқы бастамасы. 2023 жылы Қарағанды облысының спортшылары еліміздің барлық 8 чемпионатында жеңіске жеткен. Биыл да қарағандылықтар жеңіске жетуге барын салды. Жоғары нәтижелер көрсетті. Тоғыз жеңіл атлет 22 сәуірде Дубайға Азия чемпионатына аттанды. Оларға сәттілік тілеп, медальдармен оралады деп үміттенеміз, – дейді жарыстың бас төрешісі қарағандылық Андрей Агеев.

Мұндай жарыстар алғаш рет 2019 жылы өтіп, оған Қарағанды облысы мен Беларусь Республикасынан 300-ден астам спортшы қатысқан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button