Жексенбіде қолданбалы қолөнер жәрмеңкесі өтеді

Қазақтың төл өнерін, ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында өңірде Daraboz қоғамдық қоры ашылған болатын. Қор мүшелері қордың ресми ашылу салтанатын 25 қазан Республика күніне орай өткізуді жөн көріпті. Осы мақсатта 22 қазанда, сағат 12:00-де Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде қордың ресми ашылу салтанатына орай мерекелік қайырымдылық концерті өтеді.

Шара барысында дәстүрлі әншілер әннен шашу шашады. Күй шертіліп, ұлттық би де көпшілік назарына ұсынылады. Одан бөлек, отбасылық тәрбиені насихаттау мақсатында театрлық көрініс қойылады. Ең бастысы, шара барысында қолданбалы қолөнер жәрмеңкесі өтеді.  

Жәрмеңкеде қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін Daraboz қоғамдық қоры қолөнершілерінің авторлық туындылары әрі топтамалары саудаланады. Оның ішінде, отбасылық ұлттық киімдер, әжелер кимешегі және шапан түрлері болады. Мерекелік шараға келген қонақтарды қор мүшелері киіз үй тігіп қарсы алып, дастархан жаяды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.