Спорт

Жекпе-жек күні белгілі

   Қарағандылық былғары қолғап шебері Геннадий ГОЛОВКИН мен мексикалық Сауль АЛЬВАРЕС арасындағы қарымта жекпе-жек ресми түрде жарияланды.

Мықтылардың кездесуі 5 мамыр­ға белгіленді. Өткен жылы қос боксшы арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталғаннан кейін екінші мәрте жұдырықтасатындықтарын мәлімдеген болатын. Әзірге, Канело мен Головкиннің шешуші кездесуін өткізетін орны жайлы ақпарат таратылған жоқ.

Уағдаласу барысында мексикалық боксшы Канело: «Бұл жолы саған төрешілер көмектеспейді. Мен сені нокаутқа түсіремін», – деді. Қарсыласына жауап қатқан Гена: «Иә, дұрыс айтасың, бұл жолы төрешілерге үміт артпай-ақ қой», – деді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий 2017 жылы «WBC» дәрежесі бойынша үздік боксшы атағына, ал оның «Канеломен» өткен кездесуі жылдың үздік жекпе-жегі болған еді. Сол жолғы Головкин мен «Канело» арасындағы бірінші кездесуде «T-Mobile Arena» спорт кешенінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатты. Ал, жалпы кездесудің билеттерінің табысын бұл жекпе-жек бокс тарихында үшінші орынға жайғасты.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button