Спорт

Жекпе-жек болмайды

ГОЛОВКИН мен АЛЬВАРЕС арасындағы жекпе-жек өтпейді. «Sports.kz-тің» хабарлауынша, мексикалық боксшымен жұмыс істейтін «Golden Boy Promotions» компаниясы бұл туралы ресми мәлімдеді.

Басты себеп – допинг дауы. Бұған дейін Альварестің сынамасынан тыйым салынған препараттар табылған-ды. Боксшылар 5 мамырда Лас-Вегаста қолғап түйістіруі тиіс-ті.

Қазіргі таңда Головкиннің командасы басқа қарсылас қарастыруда. Үміткерлер қатарында Хильберто Рамирес, кіші Хулио Сесар Чавес, Гэри О’Салливан, Деметриус Андраде, Сергей Деревянченко бар. Бұдан бұрын Билли Джо Сондерс, Дэниэл Джейкобс пен Хайме Мунгияның Головкинмен кездеспейтіні белгілі болды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button