Жаңалықтар

Жеке құрам Жолдаумен танысты

                ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Талғат НҰРМАҒАМБЕТОВ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамын Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды.

ТЖК төрағасының орынбасары жолдауда қойылған міндеттерді орындаудың  маңыздылығын атап өтті. Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы әлемнің технологиялық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттағы өзгерістер дәуіріне, өнеркәсіптік революцияға аяқ басқанынына ерекше назар аударады.

– Көшбасшымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы бізге жаңа әлем – Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен дамудың нақты жолдарын айқындайды. Республика Президенті «Қазақстан – 2050» даму стратегиясы,  озық дамыған отыз елдің қатарына кіру, “100 нақты қадам”  Ұлт жоспары, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» және «Цифрлық Қазақстан», сонымен қоса “Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары” сынды еліміздің ұзақ мерзімді мақсаттары өзгеріссіз қала беретінін атап өтті, – деді Талғат Нұрмағамбетов.

Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары жүктелген тапсырмалар – заңдылық пен тәртіпті нығайту, жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті күшейту және азаматтық қорғаныс органдарына деген халық сенімі деңгейін арттыру жолымен іске асырылуы керектігін баса айтты.

Қарағанды облысының

төтенше жағдайлар

департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button