Бас тақырыпОблыс әкімі

Жеңіс Қасымбек: «Су тасқынына дайындық күнделікті бақылауда»

Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары жұмыс істейді. Қауіпті аймақта орналасқан барлық елді мекендерде дайындық паспорттары тексерілді. Алдын алу шараларын өткізу туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуінде айтып берді.


– Жалпы облыста төрт жыл ішінде 190 шақырым қорғаныс үйінділері салынды, 62 шақырым өзен арналарында инженерлік іс-шаралар жүзеге асырылды. Барлық гидроқұрылыстар ерекше бақылауда. 2018 және 2019 жылдары бұл нысандарда 1,3 млрд. теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, хабарландыру жүйесінің жұмысына тексеру жүргізілді, материалдық-техникалық құралдар: ЖЖМ, инертті материалдар және т. б. қоры тексерілді.
Қазір қар шығаруға баса назар аударылуда. Жауапты қызметтердің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда облыстың қалалары мен ауылдарынан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды.
– Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан су ағызылады. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Су тасқыны басталғанға дейін көлемді ең төменгі деңгейге жеткіземіз. Су тасқынына дайындық күнделікті бақылауда, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
 

Басқа материалдар

Back to top button