Бас тақырыпОблыс әкімі

Жеңіс Қасымбек: «Автобустар толық жаңаруы керек»

Қарағанды облысында автопарктерге қоғамдық көліктерді толық жаңарту тапсырылды. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Біз екі жылдың ішінде Қарағанды, Теміртау қалаларындағы қоғамдық көліктерді толық жаңартуымыз керек. Былтыр облысымызда 105 жаңа автобус сатып алынды. Оның 79-ы Қарағанды қаласында. Биыл облыс орталығындағы барлық автопарктер шілде айына дейін 200 жаңа автобус сатып алуы керек. Теміртау қаласында жыл соңына дейін 95 жаңа қоғамдық көлік алынады. Біз, осы талаптар орындалған соң ғана автопарктермен жолаушы тасымалы бойынша келісім-шартқа отырамыз. Жаңа көлік – қауіпсіздік, қолайлы сервис, – деді аймақ басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button