Жаңалықтар

Жаттығу жиыны жалғасады

          «Шахтер» командасының Түркия жеріндегі екінші оқу-жаттығу жиыны 23 ақпанға дейін жалғасады.

Жуырда кезекті жиынға шақырту алған футболшылар тізімі жария­ланды. Бұл тізімде «Шахтердың» қақпашылары Игорь Шацкий, Егор Цуприков, Абылайхан Дүйсен және қорғаушылар Евгений Тарасов, Евгений Ткачук, Михаил Габышев, Игорь Пикалкин, Ильнур Мангуткин, Руслан Әлімбаев, Біржан Құлбеков, Кирилл Пасичник бар. Сонымен қатар,  жаттығу жиынына шақыртылмай қалған жартылай қорғаушылар Александр Володько, Марат Шахметов, Милан Стоянович, Геворг Наджарян, Тимур Оспанов, Мәди Жақыпбаев, Александр Мигунов және шабуылшылар Сергей Шафф, Айдос Таттыбаев, Оралхан Өміртаев, Вячеслав Путинцев, Жан-Али Пайруз команданың қатарын толықтырған. Анталияға бап­­керлер құрамы да жол тартқан.

Атап айтсақ, бас бапкер Владимир Журавель, бас бапкерінің ассистенті Андрей Финонченко, аға жаттықтырушы Игорь Солошенко, қақпашылардың жаттықтырушысы Валерий Ситало тәжірибелі бапкерлік штабпен бірлесіп жұмыс атқаратын болады.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button