Жаңалықтар

Жат жердегі қандастар Наурызды қалай тойлайды?

Түбі бір түркі елін тоғыстыратын бір мереке болса, ол – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні түркітектес ағайын әлемнің шартарабында қарап қалмайды. Наурыз мейрамына тән дәстүр, ғұрпын жасап, бір-біріне изгі ниетін білдіреді. Бақыттың баяндысын тілеген төрткүл дүниенің әртарабындағы қандастар Наурызда қандай амал-шарғы қылады екен. Назар салып көрелік…

Моңғолия

Батыр ТАНЗИЛА:
– Монғолияның қазақтар көп шоғырланған аймағы – Баян өлгий. Мұндағы қазақтар, өздеріңізге мәлім, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа адал. Наурыз мерекесінде де ұлттық мерекенің мерейін тасытуда қалыс қалған емес. Мұнда бірнеше мыңдаған қазақ мекендейді. Наурызды мерекелеу бірер күнге жалғасады. Бұл күндерді жұрт қазақтың ежелгі салты бойынша, ауыл-аймақты аралап, бір-біріне қонаққа барады. Амандық сұрасып, наурызкөжеден ауыз тиеді.

Түркия

Айжан АСЫЛ:
– Мұнда Наурызды осындағы қазақтар барынша атап өтеді. Негізі, деректер Наурыз мерекесін тойлау қазақ елі тәуелсіздік алғаннан соң жүйелі түрде аталып отыр дейді. Түркияда ресми мереке қатарына кірмегенімен, сол күні Стамбулда Наурыз мерекеленеді. Дегенмен, мұнда бұл мерекеге құрмет – зор. Мысалы, былтыр Стамбул қаласының орталығында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, қазақ диаспорасы арнайы дастарқан жайғаны есімде.

Иран

Әли БЕХРУЗ:
– Иран халқы бұл мейрамды ежелгі салтымен наурыздың 21-нен бастап 13 күн тойлайды. Оның бес күні туған-туыстарын аралап, амандық-саулық сұрауға арналады. Наурызға байланысты ирандықтарда жоқ дәстүр сол елде тұратын қазақтарда бар.Иран қазақтары наурыздың 13-14-і күндері «Көрісу» рәсімін жасайды.
Қытай

Бекалы МҰРАТ:
– Наурыз күні түркілер түрлі ашық түсті киімдер киіп, дұға жасауға барады. Мұнда да жеті түрлі тағамнан наурызкөже дайындалады. Қазіргі кезде Қытайдағы қазақ үшін Наурыз ұлттық салт-дәстүрін паш ететін мереке. Қытайлар да бірге мерекелейтін болған. Олар да бұл күні дәнді-дақылдардан ас әзірлейді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button