Жастардың жарқын істері

     Ұлытау ауданында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауындағы талаптар мен міндеттерді тұрғындарға түсіндіру шаралары пәрменді жүргізілуде. Игілікті шараны іс-жүзіне асыруда жастар қауымының белсенділігі ересен.

Халықты ел дамуының 2025 жылға дейінгі стратегиясын нақты айқындап берген іргелі құжаттың жағымды ерекшеліктерімен ақпараттандыру мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен тізе қоса отырып, арнайы әзірленген парақшалар таратуы – осы тұжырымның дәйекті дәлелі.

– Ұлт Көшбасшысы аса маңызды бес бағытты қамтитын жоспарды жүйелі негізде жүргізе отырып, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына батыл енуіміз қажет екендігін атап көрсетті. Демек, мақсат – айқын, жоспар – нақты. Ел көлеміндегі тың жаңалықтар мен өрелі өзгерістер бізді қанаттандырады. Елбасының әр жылғы дәстүрлі Жолдаулары жігерімізге жігер қосады. Жолдау талаптарының ілкімді іске асырылуына үлес қосу – жастардың бірегей парызы, – дейді аудандық жастар ресурстық орталығының инспекторы Дархан Рахым.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ҰЛЫТАУ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.