Жаңалықтар

Жастар – жат ағымға қарсы

   Өткен аптада Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанттарымен «Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңдегі мемлекеттік-діни қатынастар» тақырыбындағы профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өрбіді.

Мұндағы мақсат – жастарға мемлекеттік дамудың негізгі зайырлылық принциптерін түсіндіру.

Ел ертеңінің алдында баяндама жасағандар – азаматтық құқық пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны, филология ғылымдарының докторы Дәулет Райбаев, «Нұрлы білім» ҚҰ дінтанушысы Санжар Момынжанов.

Курсанттарға ҚР дін саласындағы концептуальды ережелер, зайырлылық негіздерін және экстремистік салдарларға шақыратын ақпарат таратудағы құқықтық жауапкершіліктер түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушыларға «Қазақстан – толерантты ел» атты бейнеролик көрсетілді.

 

Қала әкімінің

баспасөз қызметі.  

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button