Спорт

Жастар – жарыс жолында

    «Жастар» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қарағанды облысы әкімінің кубогін сарапқа салған жастар ұйымдары мен жастар ресурстық орталықтары арасында баскетбол, волейбол және шағын футболдан турнир өтті.

 Бұған Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мұрындық болды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына қатысқан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы М.Құттыбай «Іс-шараның мақсаты-жастар көшбасшылары арасында командалық рухты күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға баулу һәм спорттық жарыстар арқылы жастар ұйымдары мен қозғалыстарын біріктіру» деп ой түйді. Сонымен қатар, жарыс жолына шыққалы тұрған жастарды Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Любарская мен дзюдо күресінен ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Д.Мұхтарқызы құттықтады.

Дода бар жерде мәре бар. Жарысқа қатысуға өз ықыластарын білдірген 20 команда әдемі ойын өрнегін көрсетті. Тартысты бәсекеде жастар ұйымдары спорттық іс-шаралардың, тек, жанкүйерлері ғана емес, белсенді қатысушылары бола алатынын іспен дәлелдеді.

Турнирдің қорытынды есебі бойынша шағын футболдан Шахтинск қаласының жастарының құрамасы – 1 орынды, Нұра ауданының жастары – 2 орынды, «Жайдарман» командасы – 3 орынды еншіледі. Волейболдан қыздар арасында Теміртау жастарына тең келер ешкім болмады. 2 орынға – Абай ауданының жастар құрамасы, 3 орынға – «Жас Орда» кәсіподақ ұйымы командасы жайғасты. Ал, волейболдан ұлдар арасында «Жас Орда» кәсіподақ ұйымы командасы – 1 орынды, Осакаров ауданы жастары – 2 орынды, Қарқаралы жастары – 3 орынды иемденді. Баскетболдан Саран қаласы жастарының бәсі жоғары болды. Қарсыластарын қапыда қалдырған сарандықтар 1,2 орынға табан тіреді. 3 орынды Нұра ауданының жастары місе тұтты.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button