АймақПриозерск

«Жастар толқынының» жарқын жолы

Приозерск қаласында 25 қазан – Республика күніне арналған «Жастар толқыны» атты фестиваль өтті. Мерекелік іс-шарада қаланың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі еленіп, шаһардың жетістіктері сараланды.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Дастан Сәденов көпшілікті мерекемен құттықтап, жастар саясатының дамуына, қоғамдық шараларға үлес қосқан, белсенді жастар «Сағадат» әскери патриоттық клубының жетекшісі М.Файдуллаев, «Жас зеңбірекші» әскери патриоттық клубының жетекшісі Е.Өмірзақов, «Жасыл ел» еңбек жасағында қаламыздың тазалығына қосқан үлесі үшін Ж.Қанатбай, «QORZHYN FIGHT» спорттық үйірмесінің жаттықтырушысы Б.Жұмамұратов, мобилограф Е.Райымбаевты марапаттады.

– Мемлекет басшысының бастамасымен Республика күні Ұлттық мереке ретінде екінші жыл тойланып отыр. Бұл маңызды шешім халықтың қолдауына ие болып, ұлттық деңгейде аталып өтуде. Бүгінде елімізде әділетті Қазақстан құру бойынша ауқымды реформалар қабылданып жатыр. Шаһарда Мемлекет басшысы өз Жолдауында айт­қан бастамалар мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар іске асырылуда.

Ел аман, жұрт тыныш болса, жұмыс та жүреді, қаланың да, халықтың да әл-ауқаты артады. Мұндай жағдайда ұлт болып ұйысып, ұлттық мерекені атап өту де бір ғанибет. Республика күні – біздің жалпыұлттық мерекеміз. Еліміздің қарыштап дамып, толағай табысқа жетуі – халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің жемісі. Олай болса, бірлігіміз бекем, ынтымағымыз артып, егемен еліміз гүлденіп, жайнай берсін! – деді Приозерск қаласы әкімінің міндетін атқарушы Дастан Шұғайұлы.

Одан әрі мерекелік іс-шарада жергілікті өнерпаздар, қалалық мәдениет мекемелерінің ұжымдары өнер көрсетіп, фестиваль сәнін кіргізді

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button