Жаңалықтар

Жастар Елбасымен бірге

Әлеуметтің көкейіндегі басты мәселелер Елбасының бес әлеуметтік бастамасында жатыр.

Елбасының Үндеуінде айтылған бес әлеуметтік бастама жастарға бағыттаған деп айтуға болады. Елімізде баспанаға қолы жетпей жүрген жас отбасылар қаншама. Тіпті, көп жағдайда баспана мәселесі жас отбасылардың шаңырағын шайқалтып та жатады. Олардың әлеуметтік мәселесін шешуде Елбасы ұсынған «7-20-25» бағдарламасы көп көмек болмақ. Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту мәселесі негізінен жастарға жасалған мүмкіндік. Себебі, оқу бітіріп келген жас маманға ешкім де жоғары жалақы төлейтін жұмыс ұсынбайды. Ал, салық жүктемесін азайту оларға жаңа мүмкіндік береді. Жастар қауымы әсіресе, Елбасының мемлекеттік гранттар санын 20 мыңға дейін арттыру туралы берген тапсырмасына айрықша қуанды. Білім аламын деген жастардың талабына қанат байлады. Оның ішінде, техникалық мамандықтарға басымдық берген Елбасы ел дамуына қажетті мамандарды даярлауға көңіл бөліп отыр. Сәйкесінше, жастарымыз да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты игеріп шығып, жұмысқа орналасу мәселесінен қиындық көрмейтін болады. Шағын несие беру мәселесі де айтарлықтай өзекті. Бүгінгі таңда шағын несие алып, өз ісін бастағысы келетіндердің көбісі жастар. Әуелде білім, біліксіз келсе де арнайы үш айлық курстан өтіп, қажетті машықты жинағаннан кейін өз ісін дөңгелетіп алуына жағдайлар қарастырылған. Бұл бағдарламаға әсіресе, ауыл жастарын тарту – ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік берер еді. Елімізді газбен қамту – халықтың көптен бері күткен, әлеуметтік мәселесі. Оның игілігін барша халық көретін болады. Экологиялық ахул жақсарып, ең алдымен келешекте дені сау ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік беріледі. Айналып келгенде мұның барлығы еліміздің тірегі, ұлт болашағы – жастарымызға жасалып жатқан жағдайлар.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ,

«Жас Отан» жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button