Жаңалықтар

Жастар қамқорлығы

Жуырда ардагерлер мен жастар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын орнату мақсатында аудан әкімінің тапсырмасына орай, «Ардагерім-Ардағым» акция­сы ұйымдастырылды.
Мақсаты – аудандағы жастар ұйымдарының ерікті жасақтары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне қолғабыс, көмек көрсету, оларды барынша құрметтеу, жас ұрпаққа ардагерлерді үлгі ете отырып, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Осы күні Шет ауданының жастар ресурстық орталығының қызметкерлері И.Жақыпов пен А.Нағыметов, жергілікті агротехникалық колледжінің оқытушысы Д.Төлеуовтің басшылығымен аудан тұрғындары, Ұлы Отан соғысы ардагерлері Мұқажан Ақажановтың және Шәукей Жұқановтың үйлеріне барып, картоп егетін жерлерін қопсытып әзірледі. Игі шараға агротехникалық колледждің бір топ студенттері жұмылдырылды.
Қос ардагер жастарға дән риза.

Өз тілшімізден.
ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button