Жаңалықтар

Жасампаздық негізі

  Президент Жолдауында Қазақстанның, ел экономикасының, оның бірқатар салаларының дамуын қамтамасыз ететін басты факторларды ұсынды. Жаңғыру жолындағы 10 бағытты атап көрсетті.

Бұл басымдықтардың барлығы маңызды. Әсіресе, адам капиталының сапасын жоғарылату – қоғамға қажетті дүние­лердің бірі. Мысалға, күні ке­шегі зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс­тер, қаржы саласын, ішкі инфрақұрылымды дамыту – қоғамның жаһандануға ілесе алуының алғышарттары болып табылады.

Басты назар аударатын нәрсе, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында мемлекет пен халық арасындағы байланысты одан әрі жетілдіруге, қоғамның бір­тұтастығын нығайтуға, заңның басымдығын жете түсіндіруге, осылайша мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға басымдық беріп отыр.

Ресми құжаттағы міндеттер ертеңгі күні Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосылуына, еліміздің жарқын болашағы жолында басқа да мақсаттарға қол жеткізуімізге жол ашады. Осы аталған бағыттарды іс жүзінде дамытуға әрқайсымыз үлес қосатын болсақ, бұл Жолдау да табысымыздың ұйытқысы, жасампаздығымыздың негізі болмақ.

Наргиз РАХИМГЕРЕЙ,

«Жас Отан» ЖҚ мүшесі,

ҚарМУ-дың студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button