Жас пианист жарады

  Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті, фортепианода шебер ойнайтын Гауһар ЕЛУБАЕВА жуырда Астанадағы музыкалық колледждер орындаушыларының XXXVIII республикалық конкурсында  «Фортепиано» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленгенде сүйіншілеген болатынбыз. Талантты қыз араға аз уақыт салып,  атақты пианист С.Бендицко атындағы Бүкілресейлік пианис­тердің ашық конкурсында 2-ші орынды еншілеп, ел мерейін асқақтатты.

Ересектер тобында өнер көрсеткен Гауһар өзінің ұстазы Олег Плицынның еңбегін де атап өтті. Оқытушысының жоғары шеберлігін, өз ісіне шынайы берілгендігін, музыкаға деген терең махаббатын тілге тиек етті. Әлем классиктерінің музыка тіліндегі өшпес мұраларымен сусындатқан ұстазының еңбегі бұл жолы да нәтижесін беріпті. Бүгінде музыка тарихы мен қазіргі заманға фортепиано өнерінің тенденциясын жете түсінуге ден қойған жас пианистке асар асуың көп болсын демекпіз.

Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.