Руханият

Жас күйшілер жарқылы

Облыс әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен бір айға созылған «Сарыарқаның жаңа есімдері» облыстық күйшілер онлайн байқауының қорытындысы шығарылды.

Аталмыш байқау 10 ақпаны мен 10 наурыз аралығында өткен. Онда қатысушылар Instagram желісіне видеороликтерін салып, дауыс жинады. Байқау талантты күй орындаушыларын қолдау мақсатында әрі Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған. Онда Шет, Қарқаралы, Ақтоғай, Осакаров аудандары мен Қарағанды, Шахтинск, Саран, Теміртау, Балқаш қаласынан төрт жас санатындағы (7- 16; 18 – 30; 31 – 50, 50 жастан жоғары) кәсіби білімі жоқ 49 көркемөнерпаз күйшілер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Шет ауданынан келген Аслан Жораханға бұйырды. 7 – 17 жас ерекшелігі бойынша І орынды қарағандылық Нұрасыл Қазтай, Әділжан Садырбек иеленді. ІІ орынды қарқаралылық Медина Ашимова мен балқаштық Мансұр Аманғазиева алды. Ал, III орынға «Қарлығаш» домбырашылар ансамблі (Теміртау қаласы), Шахан Ғалымханұлы (Ақтоғай ауданы), Дидар Сұраған (Шет ауданы), Ислам Кушенов (Қарағанды қаласы) лайық деп танылды.

18 – 30 жас ерекшелігі бойынша III орынды Мұратхан Алтыбай (Саран қаласы), Зейтілда Бегімсал (Шет ауданы) иеленді.

31 – 50 жастан жоғары жас санаты бойынша I орын – Роза Түсіпбекова (Қарағанды қаласы), II орын – Ербекеева Бибігүл (Ақтоғай ауданы), III орын – Бекзат Аманжолов (Шет ауданы)иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button