Спорт

Жарыс жолында тең мүмкіндіктер

     Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттың бес түрі бойынша 14 команда сынға түсті. Атап өтсек, үстел теннисі, жеңіл атлетика, шағын футбол, тоғызқұмалақ, дойбыдан облыстың барлық қалалары мен аудандарынан келген 170 қатысушы күш-жігерін салды.

Айта кетер жайт, жарыс облыс әкімінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылып, сондай-ақ, мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыруды, ерекше жандарға тең мүмкіндіктер жолын жасауды көздеді.

Дүбірлі додада Қарағандының командасы алдына қара салмады. 106 ұпаймен алға шықты. Екінші орынға 76 ұпайды еншілеген Теміртау көтерілді. Жезқазған мен Балқаштың командалары ара­сындағы жеңісті бір ғана ұпай саны шешті. 70 ұпай жинаған Жезқазған коман­дасы 3 орынды иеленіп, 69 ұпаймен қоржындарын қомпайтқан Бал­қаш командасы 4 орынды місе тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медальдармен марапатталды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button