Бас тақырып
Жарылған құбырдың Бұқпаға қаупі қандай?
Жыл басында Қарағандыдағы кәріз жүйесіндегі құбыр жарылып, Бұқпа өзеніне аққан болатын. Осы жағдайдан кейін экология мамандары дабыл қағып, тиісті жұмыстар жүргізуді сұраған еді.

Осы мәселе бойынша өңір басшысы ОКҚ алаңында өткен брифингте жауап берді.
– Оқиғаның орын алғанына да біршама уақыт болып қалды. Сол оқиғадан кейін тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазір қауіп жоқ. Дегенмен, әлі де жұмыстар қажет. Мәселен, өзен маңайында жеке саяжай учаскелері бар. Қожайындары ол жерге үй тұрғызып тастаған. Ал, үйдің астынан – құбыр өтіп жатыр. Осы мәселе бойынша қалалық әкімдік пен «Қарағанды Су» ЖШС айналысуда. Бұл мәселе тікелей өзімнің бақылауымда, – деді әкім.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz