Жаңалықтар

Жарайсың, Жаннұр!

    Жезқазған музыкалық колледжінің түлегі, Ғалым Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледждің қызметкері, жаңаарқалық жас өнерпаз Жаннұр Мұсылманбек 24-28 наурыз күндері Астана қаласының М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өткен 1-ші халықаралық «Шашу» өнер фестивалінде «Халық әні» аталымы бойынша бас жүлдені иеленді.

Қытай, Саха, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан, Татарстан сынды көптеген елдердің өнерпаздары бақ сынасқан байқаудың екі кезеңінде де Жаннұр бірінші орынға табан тіреп, финалда жеңіс тұғырынан көріне білді. Жезтаңдай әншіміз бұған дейін облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып келген еді. Жерлесімізді кезекті жетістігімен құттықтай отырып, колледж ұжымы атынан биік белестерді бағындыра беруіне тілектес екенімізді жеткізгіміз келеді.

Ғазым ЖАРЫЛҒАПҰЛЫ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет

қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button