Жаңаарқа

Жарқын болашаққа бес бағдар

Президент наурыз айында халықтың әл-ауқатын арттыратын «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жариялады. Бес әлеуметтік бастаманың әрқайсысы халық үшін әсіресе, жастарға үлкен берекенің бастауы болмақ.

Елбасының «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасы әр жас отбасы үшін үлкен мүмкіндік туғызды. Қарапайым халықтың мүддесіне бағытталған екінші қадам «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты. Келешегіміздің келбеті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастардын қолында. Өйткені олар – ертеңімізді жасайтын бүгініміз. Сондықтан да келешек ұрпақ сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып осы жолда еңбек етуіне жағдай жасалуы маңызды. Осы орайда бес бастаманың үшінші бағыты «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» халқымыздын одан әрі дамуына айтарлықтай үлесін қосары анық. Сонымен қатар, Елбасының төртінші бастамасы: «Шағын несие беруді көбейту» ауылдық өнірлерде шағын бизнестердің ашылуына, одан әрі дамуына зор үлесін қосады деп сенемін. «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бесінші бастамасы болашақта өндірістердің дамуына және экологиялық жағдайдың жақсаруына мүмкіндік туғызады деп сенеміз.

С.БАЯЗИТОВ,

Бидайық ауылдық

округінің әкімі.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button