Жаңалықтар

Жарқын болашаққа қадам

Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің өркендеп, сенімді даму жолы үшін бастапқы бағыт-бағдар. Сол айқын міндеттерді тірек ете отырып, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғырту бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде Қазақстан бүгінгі күні әлем елдерінің сеніміне ие болуда.

Н.Назарбаев биылғы Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерімен қатар нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті.

Жолдауда жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екендігі, ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығының жалғасуы, «Көл-көсір мұнайдың» дәуірінің аяқталып келе жатқаны, біз егін егіп, дәнді-дақылдарды өсіруді үйренсек те, ол істің қазір жеткіліксіз екендігі баса көрсетілген.

Еліміз бүгінгі жаһандық өзгерістерді лайықты түрде қабылдап және еңсере отырып, егемендік жылдары қол жеткізгендердің бәрін сақтай білуде және XXI ғасырда орнықты дамуды жалғастыруда. Мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды міндеттер атқаруда. Соның бірі жаhандық және ішкі сын-қатерлерге жауап саналатын әрі жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы.

Алайда, Елбасы жаңа технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан даму біздің жұмыс істеу қалпымызды, өз азаматтық құқықтарымызды іске асыруда, тіпті, балаларды тәрбиелеу ісіне де түбегейлі өзгеріс әкелетінін ескертті.

Әлемнің технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге қадам басуына байланысты Жолдауда жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігі анық белгіленген.

Жолдаудың ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту міндетін жүзеге асыру үшін шикізат индустрияларын ұйымдастыруды, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қарау талаптарын орындау қажеттілігі туындайды.

Ел дамуының тұрақтылығының қамтамасыз етілуі аграрлық ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қарау талаптарын орындау қажеттілігі туындайды.

Ел дамуының тұрақтылығының қамтамасыз етілуі аграрлық саланың жаңа мақсаттарының жүзеге асырылуымен де байланысты әрі еңбек өнімділігінің артуы әлеуметтік өмір деңгейінің жоғарылауына әкелері сөзсіз. Осыған орай Жолдауда аграрлық саясаттың еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы тиістігі белгіленді, әрине өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтау талабының ескерілуімен.

Жолдаудың үшінші міндетін талдай келсек, оған қол жеткізу кілті – «Ақылды технологиялар» әрі бұл агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі деп нақтыланады.

Елбасы экономикалық ахуалды одан ары жақсарту үшін бизнес саласына да айырықша көңіл бөлініп келе жатқанын да тілге тиек етті.

Сонымен қатар бүгінгі күні көпшілікті толғандырып отырған білім берудің жаңа сапасы мәселесіне ерекше назар аударылды. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болмақ.

Біздің қоғамымыздың идеалы өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, заман талабына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық деп санасақ, Жолдауда көрсетілген жаңғыру негізі – адами капитал екендігі еш күмән келтірмейді.

Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді, жас мемлекет.

Алдымызда үлкен міндеттер тұр.

Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Бүгінде бар әлем қадам басқан Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінен кеш қалмау, «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыру жалпы қоғам міндеті.

Елбасының Жолдауында белгіленген міндеттер ел келешегінің жарқын болуына бастайтын кезекті қадам.

Біздің басты күшіміз – бірлікте.

Сол басты күшті Қарағанды орман шаруашылығы мекемесі ұжымы, бастауыш партия ұйымы мүшелері Елбасы Жолдауының міндеттерін орындауға бағыттайды.

 

Мира МАХАТШИНА,

Қарағанды орман шаруашылығы кадрлар инспекторы, «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button